Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдерге интимді қызмет көрсететін жігіттер өз жұмысы жайлы айтып берді

«Қоңыраумен тапсырыс қабалдап» интимді қызмет ұсынатын жігіттер жұмысын Астанада жалғастырмақ. Олар айына 1 миллион теңге табыс табуды көздеп отыр.

8c927c01877b1825f51a060fde95a96e

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Олар мұндай қызмет үшін Алматыда бағаның төмендеп кеткенін айтады. Сондықтан олар жаз айында Астанаға жол тартпақ.

– «Мен секс индустриясында 5 жылдан бері қызмет етіп келемін. Ғаламтор сайтында барлық жетістіктерім жазылған. Ешбір клиентімнің маған көңілі толмаған кезі болмаған. Енді экперимент ретінде Астанаға барып жұмыс істеп көрмекпін. Ол жақтан тамыз айына тапсырыс та алып қойдым. Тіпті, жалғыз өзім барлығына үлгере алмайтын болғандықтан,  3 жолдасымды ертіп апарам», – дейді алматылық Шерхан.

– «Мамандығым экономист. Алайда, күніне мардымсыз ақшаға 8-9 сағат жұмыс істеп, кеңседе отырғым келмейді. Егер кеңсе басшысы 10 қызметкерін жұмыстан шығарса, одан жұмысы тоқтап не жүрмей қалмайтын еді. Керісінше материалдық тұрғыда өзіне оңайға түседі. Ал, біз одан да әйелдердің көңілін көтеріп, олардың бақытты болуына жағдай жасаймыз.», – дейді ол.

Шерхан негізінен кәсіпкер әйелдер мен бай азаматтардың әйелдеріне қызмет көрсететініні айтады. Олар қоғамдық ортада жас әрі әдемі жігітпен бірге жүруге еш қымсынбайды екен. Қайта өздерін еркін ұстайтын көрінеді.

-«Олардың күйеулері әйелдеріне сенетіні соншалық, өздері ғана өзге әйелдерге барып, алдап жүрміз деп ойлайды. Ал, оның әйелі  10 жыл бойы өзгемен көңіл косып жүруі мүмкін. Мен осы уақытқа дейінгі тәжірибеме сүйеніп айтам, қазақстандық азаматтардың ешбірі әйелдерінен күдіктенбейді», -дейді Шерхан.

Татьяна Аладьинаның материалынан аударылды

Жіберіп алмаңыз:

Алматының караоке-бар ғимаратында жасырын түрде жезөкшелер қызмет көрсетіп келген

Массажист атын жамылған жезөкше қызметінің құпиясымен бөлісті

Талқылау