Алматының караоке-бар ғимаратында жасырын түрде жезөкшелер қызмет көрсетіп келген
Алматыда ішкі істер департаментінің қызметкерлері караоке-бар ішінде жұмыс істеп келген жезөкшелер қызметін анықтады.

Көрнекі сурет
Заңсыз іске осы ғимараттың 36 жастағы әйел басшысы жетекшілік еткен. Сонымен қатар бір жоғарғы, екі қатардағы әкімші мен штаттағы көлік жүргізушісі жауапқа тартылатын болады.
«Алматы қаласының ІІД қызметкерлері «Арлан» бөлімімен бірлесіп, караоке-бардың ғимаратын түнгі уақытта тексеріп көрді. Тексеріс кезінде жезөкшелік қызметті ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысқан 5 әйел мен 1 ер адам ұсталды. Олар караоке-барға келушілерге ақылы түрде интимді қызмет ұсынған», – дейді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"