Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдердің зейнетке шығу жасы мен зейнетақы төлеу тәртібі өзгереді

2018 жылдан бастап базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып тағайындалады,-деп жазды Sputnik Қазақстан.


Келесі жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды. Сонымен қатар базалық зейнетақыны есептеу жұмыстарына өзгерістер енгізіледі. Тіпті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін төлемді есептеу тәртібі де өзгеше болмақ.

Заңды құжат күшіне енгеннен бастап мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып тағайындалады.

Егер зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек тәжірибесі 10 жылдан төмен болса, онда бұл көрсеткіш базалық зейнетақының ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. Яғни бұл төлем 14 416 теңгеге тең.

Керісінше еңбек тәжірибесі 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға өсіп отырады. Ал 33 жылдан жоғары болса, зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрап, одан асырылмайды.

“Бұл жерде көңіл бөлінетін басты мәселе – зейнет ақы қорына түсіп жатқан әрбір жарнаны қадағалау. Өйткені әр түскен жарна азаматтардың бір айлық еңбек өтілі болып есептелінеді. Бұдан бөлек 2018 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы қорынан төлем алу жолы да өзгерейін деп отыр.

Келесі жылы зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізіліп, жаңа құжат өз күшіне енетін болады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, нәзік жандардың зейнетке шығу жасы 6 айға ұлғаяды. Тіпті бұл үрдіс жүйелі түрде жыл сайын іске асатын болады”, — дейді БЖЗҚ АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бөлім басшысы Әбдімұрат Исабаев.

Оның айтуынша, 1960 жылы 1 қаңтар мен 30 маусымда туған азаматтардың барлығы 58,5 жаста зейнетке шығады.

“Ал 1960 жылы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында туғандар 2019 жылы зейнетке 59 жасында шығады. Дәл осылай 2027 жылға дейін жарты жылдан қосылып, осы жылы ерлер мен әйелдер де 63 жастан зейнетке шығады”, — деп толықтырды бөлім басшысы.

Айта кетейік, зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мамандар БЖЗҚ дер кезінде жүгіну қажеттігін ескертеді. Қажетті құжаттар мен талаптары туралы толық ақпарат мекеменің ресми www.enpf.kz сайтында жарияланған.

Сондай-ақ байланыс орталығының 1418 телефонына хабарласып анықтауға да болады. Қосымша ақпар, аталған мекеменің операциялық бөлімшелері 30 және 31 желтоқсан күндері таңғы сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз:

 

Астана әкімі жаңа жылдан бастап қарамағындағыларды түгел таксимен жүргізбек

Ақтөбеде кеңсе күзетшісі ұрлыққа түскен қарақшылардан қорқып, тығылып қалған

Алматыда іздеуде жүрген күдікті апалы-сіңілі екі әйелді жауыздықпен өлтіріп қашып кеткен

 

Талқылау