Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелдерді ұруға шақырған имам желіде қызу талқыға түсті

Желіде қазақстандық имамның әйелдерді қалай жазалау керектігі жайлы айтқан уағызы қызу талқыға түсті. Мешіттердің бірінде имам болып жұмыс істейтін Ризабек Батталұлы (болжам бойынша) исламда жаза ретінде әйелді ұрып-соғуға болатынын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz.

Айтуынша, әйелді ұрғанда сүйегі сынғанға дейін жеткізбеу керек. Бұл аз десеңіз, дін қызметкері ер адамдарға үйде қамшы ұстауға кеңес берді. Имамның пікірінше, қамшы әйелдің үрейін туғызады.

“Әйелі ерін тыңдамаса, оны жеңіл түрде ұруға болады, бетінен шапалақтауға болмайды”, – дейді имам.

Ризабек Батталұлы әйелдің әр күнәсі үшін Құдай алдында күйеуінің жауап беретінін айтып өтті.

“Ер адам некелі жарын қамтамасыз етуге міндетті. Әйелдерді ұруға шақырып жатқан жоқпын, олардың әрқайсысы біреудің қызы, әпкесі. Ер адамның нағыз күші де сол, жағдайды ушықтырмай, оны ұрып-соғуға дейін жеткізбеу”, – дейді имам.

Аталған видеоның желіде қызу талқыға түскенін айта кетейік. Көпшілік имамның сөзін теріс қабылдап, оны сынға алған.

“Неліктен біздің елде осындай жағдай болады? Біздің ІІМ қайда қарап отыр? Түнгі клубта қыздарды шешіндірген Байзақова үш тәулікке қамалды, ал мұнда мешіттегі молда әйелдерді ұру керектігін, алайда ауыр жарақаттауға болмайтынын айтқан. Тағы бір видеода қыздарды күңшілдікке үйретіп жатыр. Әйелдерді ұруға шақыру зорлық-зомбылыққа шақырумен тең емес пе? Бұл үшін жауапқа тартпай ма? Сұмдық! Қайда кетіп барамыз? Мына адасқандарды кеш болмай тұрғанда құтқару керек. Қатаң жаза қолдану қажет”, – дейді желі қолданушысы Жанна Исабаева.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте жалғызбасты ана балаларын асырау үшін қайыр сұрауға мәжбүр

Назарбаев алматылық бүлдіршіннің тілегін орындады (фото)

Қостанайда полицей күдіктіден істі жабу үшін ақша сұрап, өзі қамалып кетті

Астанада дүкеннен кәмпит ұрлаған келіншекке сот үкімі оқылды

Талқылау