Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда полицей күдіктіден істі жабу үшін ақша сұрап, өзі қамалып кетті

Қостанай ІІБ тергеушісі Жанболат Еріков пара беруге итермелегені және алаяқтық жасағаны үшін сотталды, -деп хабарлайды Stan.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрынғы тергеушіге үкім Қостанай №2 сотында оқылды.

Ол 5-6 желтоқсан күндері қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, азамат С.-ны қылмыстық жауапқа тартпауға көмектесу және ақша ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін 400 мың теңге мөлшерінде ақша беруге үгіттеген.

Бірақ С. оған пара бермей, Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жүгінген. Еріков сол күні ұсталған. Сот Жанболат Еріковті айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұдан тыс, Ж. Еріков полиция капитаны атағынан айырылды.

Оқи отырыңыз:

Елімізде SMS арқылы тіркелген алғашқы сәбиге туу туралы куәлік берілді

Үштөбе тұрғыны сүйіктісімен кездесу үшін көршісінің көлігін ұрлап әкеткен

Адвокат жол ережесіне қатысты ескі айыппұлдарды жою жолдарын атады

Қарағанды тұрғыны баласының перзентхана дәрігерлері кесірінен қайтыс болғанын дәлелдеп берді

 

 

Талқылау