Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел күйеуінің екінші рет үйленіп алғанын теледидардан білген

51 жастағы америкалық әйел күйеуінің екі жұбайы бар екенін теледидар арқылы білген. Хелен Гандри күйеуі Даниэльді Таяу Шығыста іссапарда деп ойлаған.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Хелен теледидарды қосып, өзінің 39 жастағы күйеуін өзге әйелмен бірге көрген. Дэниель 44 жастағы Сью Брукерді өзінің әйелі ретінде таныстырған.

“Қызым екеуміз телешоу көріп отырғанбыз, кенет ол: “Әкеміз басқа әйелмен бірге теледидарда жүр”, – деп айқайлады. Баламның көзінше жылап жібермейін деп басқа бөлмеге кетіп қалдым”, – дейді Хелен.

Дэниэль Сью есімді екінші әйеліне осыдан бір жыл бұрын Дубайда үйленген болып шықты. Алайда Хеленге ол 1998 жылы үйленген. Екеуінің ортақ 16 жастағы қыздары бар.

Күйеуі бірнеше жылдан бері шет мемлекеттерге барып-келіп жұмыс істеген. Дегенмен ол әйелімен ажыраспастан, екінші рет үйленіп алғанын жасырмайды.

Дэниельдің құпиясы жайлы Хелен сезіп жүрген-ді. Той суреттерін тауып алғанда ол ресми некеге тұрмағанын айтып ақталған. Тіпті Сьюмен айырылысқанын айтып, бірінші әйеліне қайта табысуға ұсыныс жасапты.

Ақырында екі әйел де оны тастап, полицияға шағымданды. Дэниель 6 ай абақтыда жатты.

Жіберіп алмаңыз:

Талқылау