Әйел күйеуінің қорылдағаны үшін өліп қала жаздады
Мәскеуде 59 жастағы бразилиялық турист ұйықтататын дәріден уланып жансақтау бөліміне түсті. Күйеуінің айтуынша, аталған дәріні үнемі қабылдаған.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РЕН ТВ» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Таяуда ерлі-зайыпты мәскеулік мейрамханаларда демалып, ішімдік ішкен. Артынша қонақ үйге қайтып келгеннен кейін әйел күйеуінің қорылын естімеу үшін ұйықтататын дәрі ішкен. Біраз уақыттан кейін ол өзін нашар сезініп, бірден қалалық ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне жеткізіледі.
Дәрігерлер оның дәрі-дәрмектен қатты уланғанын айтып отыр.
Қазіргі уақытта шетелдік азаматшаның ауруханаға түсуіне байланысты тексеріс жүргізілуде.
Талқылау

Қазақстандық қыз күйеу жігітінен қалыңмал алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
Тұрмысқа шығамын деп ақша алып, жоғалып кететіндер туралы әңгімеледік

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
Жанель: "Сезіміміз бен сеніміміз сыналды"