Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел күйеуінің ашық опасыздық жасап жүргенін айтып жылады

Екінші рет тұрмысқа шыққан келіншек көзіне ашықтан-ашық шөп салып жүрген күйеуі туралы айтып налыды.

742077

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Алтынай Жандарбекова (есімі өзгертілді) бүгінде екінші рет тұрмысқа шығып отыр. Оның бірінші некесінен бір қызы бар. Күйеуі қызын туғанындай жақсы көрсе де, Алтынайдың ажырасқанын жиі бетіне басады екен. Соңғы кезде ашық түрде оның көзіне шөп салуды шығарған. Осы орайда, Алтынай қазақстандық психолог мамандардан көмек сұрады.

«Осы уақытқа дейін бір рет тұрмыста болдым. Отбасымызда барлығы жақсы болды. Артынша біраз уақыт өткен соң күйеуім ішімдікке салынып, қол жұмсай бастады. Арамызда бір баламыз бар. Қазір екінші рет тұрмысқа шыққанмын. Бірақ екінші күйеуім көзіме шөп салып жүр. Бірінші некемде кішкене сабырлық танытсам, бақытты болып кетер ме едім деп өкінемін. Мен сабырсыздық танытып қателестім деп ойлаймын.

Балам әкесіз өспесе екен деймін. Қазіргі күйеуім әкелік міндетін жақсы атқарады. Қызымды туғанындай жақсы көреді. Некенің қандай болатыны жұбайлардың екеуіне де байланысты болады деген пікірдемін. Енді бірінші күйеуіммен қайтадан қосыла алмайтыным анық. Екінші рет ажырассам да, бұл күйеуімнің басқа әйел алатынын сеземін», – дейді Алтынай ханым.

Алайда маман оның жоғарыдағы пікірімен келіспейді. «Бар болғаны, Алтынай жұбай таңдауда қателескен» дейді ол. «Бұл өткен өмірдің сабағы емес, тәжірибесі. Осыны ұмытпаңыз. Сіз сабырсыздық танытты деп ойламаймын. Бар болғаны ер азамат таңдауда қателескен сияқтысыз. Өзіме жеке келуіңізге де болады. Бастысы, асығыс шешім қабылдамаңыз», – дейді психолог Марал Сарбасқызы.


Жіберіп алмаңыз:

Екі жастағы бүлдіршін 55 мемлекеттің астанасын жатқа айтып жұртты тамсандырды (видео)

Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған тонды қайтарған әйелге сүт тартатын машина сыйға тартылды

Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды

Айшаның жап-жас анасын көрген жұрт оның сұлулығына таңдай қақты

Талқылау