Әйел 25-қабаттан құлап, жұмбақ жағдайда аман қалды
Фото: thethaiger.com
Таиландта әйел күйеуімен жанжалдасқаннан кейін тұрғын үй кешенінің 25-қабатынан құлап, тірі қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Thaiger басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 28 желтоқсанда Паттайя қаласында болған. Таңертең ерте көршілер құтқарушыларды шақырған. Қоңырау шалған адам әйелдің үлкен биіктен құлағанын айтқан.
Оқиға орнына келген жедел қызмет өкілдері 26 жастағы жәбірленушіні бассейн жиегінен тапты. Құтқарушылардың айтуынша, әйел ауыр жарақат алғанына қарамастан тірі болған. Ол аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Көршілер полицияға жәбірленушінің аты Альварадо екенін айтқан. Ол 25-қабатта шетелдік күйеуімен бірге тұрған. Күйеуінің аты-жөні мен азаматтығы жарияланбады. Құлар алдында ерлі-зайыптылар арасында қатты жанжал болған, оны көрші пәтер тұрғындары да естіген. Қазір полиция
Альварадоның кездейсоқ құлағанын немесе оған күйеуі себеп болған-болмағанын анықтап жатыр.
Құтқарушылардың мәліметінше, әйелдің аман қалуына қатты жел әсер етуі мүмкін. Жел оны іліп әкетіп, құлауын біршама жұмсартқан. Жәбірленушінің күйеуі барлық мән-жайды анықтағанға дейін ұсталды.
- Кір жуғыш машинаға "жуылып" шыққан мысық аман қалды
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қыз 9-қабаттан жұмбақ жағдайда құлап кетіп, аман қалғанын жазған едік. Періштесі қаққан бойжеткен аман қалды. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Оқиға түнде қаланың шет жағындағы тұрғын үй кешенінде болған. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен ауладағы көлік жолына құлап кеткен. Қатты дыбысқа елең еткен көршілер дереу жедел жәрдем мен полиция шақырған.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді