"Айдын енді азат": Апелляциялық алқа 8 жыл түрмеде отырған ҰҚК майорын ақтау туралы үкімді күшінде қалдырды
Апелляциялқ алқа бұған дейін сегіз жылын темір тордың ар жағында өткізген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) майоры Айдын Алпысбаевқа қатысты ақтау үкімін өз күшінде қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әскери соттың Сот алқасы әскери прокурордың Айдын Алпысбаев, Мұрат Хасенов және Сергей Логвиненкоға қатысты ақтау үкімінің күшін жою туралы апелляциялық шағымы бойынша қаулы шығарды. Ақтау үкімі өз күшінде қалды.
"Айдын Алпысбаевқа қатысты апелляциялық шағымның шешімі жарияланды - сот ақтау үкімін өзгеріссіз қалдырды. Болды, Айдын енді азат", - деп жазды журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында.
- Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин мен бауыры Ерланның қылмыстық іске қатысы бар екені анықталды
- Атыраудағы үш адамның өлімі: Полиция қызметкері дер кезінде әрекет етпегені үшін сотталды
"Мен үйге оралған сәттен бастап бір апта үйден тысқа шықпадым, балаларыммен ұзақ құшақтастық. Мен 8 жылымды уысымнан шығарып алдым. Сіздерге мұның қаншалықты ауыр екенін түсіну қиын. 8 жыл бұрын сіздің жасыңыз нешеде еді? Бұл уақыттың ішінде бірі балаларын үйлендіріп, ал бірі балаларын мектепке беріп үлгерді", - деп келтіреді Алпысбаевтың соттағы сөзін Orda.kz.
Еске салайық, Алпысбаев, сондай-ақ Мұрат Хасенов пен Сергей Логвиненко 2015 жылдың көктемінде кәсіпкер Игорь Кудинді өлтірмек болғаны үшін кінәлі деп танылған еді. Алайда 2021 жылдың басында үкімнің күші жойылды, кейін бұл шешімге қарсы шағым келіп түскен. 2022 жылдың 10 маусымында қазылар алқасы қайта ақтау үкімін шығарған. Сотталушылардың адвокатының айтуынша, Алпысбаев, Хасенов пен Логвиненко "қылмыстық әрекеттің болмауына байланысты ақталған".