Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдарбековтер отбасы ұлдарының үйлену тойын Алматының төрінде тойлады (фото,видео)

Бүгін Айдарбековтар әулетінде ұлан асыр той өтті. Қайраттың інісі Аян қолына бақ құсын қондырып, енді продюсер Гүлзира ханымның қолын ұзартпақ. Той қонақтарының қатарында Stan.kz  сайтының тілшісі де болды.

ой14

Той Алматы қаласының ең беделді мейрамханасының бірінде болды. Қуанышқа ортақтасып келген қонақ саны көп. Нұртас Айдарбековтың айтуынша, келген мейманның саны шексіз, қонақтары тіпті сыймай қалған.

ой1

«Бүгін мына қаншама өздеріңіз куә болып жатырсыздар, қаншама халық келіп симай жатыр. Соның бәрі туған-туыс, жора-жолдас, дос-жаранның арасында сыйымыз бар екен ғой деп ойлаймын.Өзіміз жұбайымыз екеуіміз қуанып жатырмыз»,-деді Қайраттың әкесі.

 

ой2

Сыйласы көп әулетке сыйлықтың түр түрі келіп жатты. Соның ішінде ерекше сыйлықтар мен тосынсыйлар көп болды. Қайрат Нұртастың ең алғашқы хит әнін жазған композитор Бауыржан Есебаев тойға арнайы ән тарту етті.

ой3

Тек бұл жолы әннің орындаушысы Қайрат емес. Соңғы кездері продюсер Гүлзира Айдарбекова да жары Нұртас Айдарбековпен ән айтып жүр. Сазгердің айтуынша,  бұл әнді Қайраттың ата-анасы орындайтын болады.

 

ой4

«Тойға мен ән алып келдім. Баяғыда Қайратқа беруші едім ғой әнді. Енді қазір қайсысына берерімді білмей, Гүлзира әпке де ән айтады, Нұртас аға да өлең айтады. Сомен отбасылық ән болсын деп бір хит ән арнадым»,-деді сазгер.

ой5

Қайрат пен кенже інісі Заңғардың дуэт болып орындаған әні көпшіліктің көңілінен шықты. Тойдың бұл сәті ең әсерлі тұсы болды.

ой6

ой7

ой8

ой9 ой10

ой11

ой12

ой13

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Оқи отырыңыз:

Ернар Айдардың үйлену тойы Таразда дүркіреп өтті (фото,видео)

Сәкен Майғазиаев Ninety one әншісінің ата-анасына жауап берді

Махаббат деп осыны айт: Ақбота Керімбекованың жүрегін жаулау үшін күйеуі 10 жыл дайындалған (фото)

Шахизада: Ақбота сияқты үшінші рет тұрмыс құрсам, бақытты болатын шығармын (видео)

Өзбек емеспін: Сиви Махмұди ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды

Талқылау