Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденованың жаңа шаш үлгісі жігіттерге ұнап қалды (фото, видео)

Айдана Меденова қалыпты шаш үлгісін өзгертті. Желі қолданушылары оның жаңа образына оң бағасын берді.

000

Фото: instagram.com/aidanamedenova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айдана Меденова өзінің сұлулық салонындағы қызметкерлерінің жұмысын жарнамалауға кірісті. Бұл жолы ол шаш стилисі Асылан Жексеновтың жұмысын көрсетті. Стилист оған бұрын-соңды болмаған шаш үлгісін жасап берген екен: алдынан қарағанда шашы қысқа, ал арқа тұсынан қарағанда керісінше ұзын көрінеді.

Тыңдармандарына әншінің жаңа образы ұнаған сыңайлы. Әсіресе, жігіт қауымына. “Айдана, сондай тәттісіз! Неткен сұлулық десеңізші!, “Айдана, сізге ғашықпын! Көркіңізге көз тоймайды”, “Сізге осы шаш үлгісі көбірек жарасады екен” дейді желі қолданушылары. Тіпті бір тыңдарманы әншіге өлең жолдарын арнаған:

Сұлусыз көзі мөлдір, шаштары да,
Мың бұралған қиылған қастары да.
Қыста шыққан жалғыз гүл сіз болыңыз,
Солдыра алмас солтүстіктің ызғары да, – дейді қызылқұмдық азамат.

Арасында әншінің суретке түсе беретін қылығын жақтырмағандар да болды. “Осы ақымақ кірпігін көрсетуден шаршамайды екен”, “Беттеріңе бес тонна бояу жақпаған, табиғи түрлерің көрінетін суреттерді неге салмайды екенсіңдер” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденова күйеуінің бірінші некесі туралы айтып берді

Айдана Меденова әншілігінен бөлек жаңа істі қолға алмақ

Тыңдармандар Айдана Меденованың жаңа бейнебаянына оң бағасын берді

Айдана Меденова кәсіпкерлікті қолға алды

Талқылау