Айдана Меденова күйеуінің бірінші некесі туралы айтып берді

Бейсенбі, 21 Сәуір , 2016 11:17

Айдана Меденова алты жыл қатарынан атышулы «КешYou» тобында өнер көрсетті. Бұл топқа жүзден жүйріктерді ғана таңдайтынын халық біледі. Бойжеткеннің сырт келбеті қаншалықты мінсіз болса, даусы да дәл сондай. Сүйкімділігімен баурай білетін әнші бүгінде өзіндік тыңдармандарын жинап үлгерді. Ол отандық бағдарламалардың бірінде жолдасының осыған дейін бір рет отасқанын, оның ұлдарын өз балаларындай көретінін айтты.

12724765_1261388613877045_2012325210_n

Әншінің сүйіктісі шоу-бизнес саласында көп уақыттан бері продюсер болып жүр. Қазіргі таңда “Индиго” тобының жетекшісі. Меденова журналист Дана Рыскелдинованың “Сүйіктіңіздің сізге дейін отбасы болғанына қысылмайсыз ба?” деген сұрағына “Меніңше, біреуді сынауға құқығымыз жоқ. Алғашқы некесі сәтсіз болса, екінші отбасында барлығы жақсы болады. Мен онымен байланысты дүниенің барлығын жақсы көремін”, – деп жауап берді.

Мұнымен қатар, өзінің туысқандарынан алғашқы некесінен балалары бар ер адамға тұрмысқа шығуға қарсылығы болмағанын жеткізді.

“Отбасым менің таңдауыма араласпайды. Маған сенгендіктен осылай жасаса керек. Қазір заман басқа. Біреу біреуге ақыл айтатын уақыт емес. Әлішердің ұлдары сондай жақсы. Нағыз дипломаттар десе де болады. Керісінше, қызымның дәл осындай екі ағасы бар екенін мақтан тұтамын. Бірінші некесіне қатысты арамызда ешқандай қиындықтар болған емес. Ол мені жаман ойға қалдырып, қызғандыратындай әрекеттерге бармайды”, – деп Меденова сүйіктісінің ұлдарын өз баласындай көретінін айтып өтті.

Бір қызығы, қыздардан құралған түрлі топқа жетекшілік етіп жүрген Әлішер жарына продюсер болғысы келмейді екен. Мұны Айдана да қаламайтын көрінеді.

11015528_974974102586095_1458448530_n

“Не үшін? Меніңше, маған моральдық, материалдық тұрғыдан қолдау көрсетіп жатқанының өзі жеткілікті”, – деп әнші қысқа қайырды. Мұнымен қатар, қалай танысқандарын айтып берді.

“Отбасын құрмай тұрып бір-бірімізді жақсы таныдық. Гастрөлдік сапарларда көріп жүрдік. Мен аса мән бермейтінмін. Арамызда бір көргеннен ғашық болатындай сезім де болмады. Бар болғаны кездейсоқ дәмханалардың бірінде жолығып, сол күні кешке қайта көрістік. Осы сәттен бастап тағдырдың маңдайымызға бірге болуды жазғанын сезінгендей болдық”, – дейді әнші.

Дәл қазір қос ғашықтың Әмина есімді қыздары бар. Кезекті демалыстан оралған әнші “Менімен биле” атты әнге бейнебаян түсіріп, сұлулық студиясын ашты.


Оқи отырыңыз:

Айдана Меденова әншілігінен бөлек жаңа істі қолға алмақ

Тыңдармандар Айдана Меденованың жаңа бейнебаянына оң бағасын берді

Айдана Меденова кәсіпкерлікті қолға алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар