Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандар Айдана Меденованың жаңа бейнебаянына оң бағасын берді

Күні кеше өнерден алыстап, болашағын отбасымен, сәнгерлікпен байланыстырған Айдана Меденова сахнаға қайта оралып қана қоймай, сұлулық студиясын ашты. Мұнымен қатар, әнші өзінің “Менімен биле” атты әніне түсірілген бейнебаянын халыққа ұсынды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өткен аптада тыңдармандарына “Тыңда” әтті туындысын ұсынған әншінің “Менімен биле” атты әніне бейнебаян түсіріп жатқаны туралы хабарлағанбыз. Енді міне аталған бейнебаян дайын болып, тыңдармандарына жол тартты. Туындыны көрген тыңдармандар оң бағасын беріп, “Жаңа ғана көрдім. Жарайсыз! Бұрын осылай кештерде билеп жүретін едік. Қайран, жастық шақ!”, “Керемет! Өнерде де, өмірде де алда болыңыз!”, “Бейнебаянды көрдім, керемет тартымды екен. Өзіңіз де, даусыңыз да, әніңіз де, қылықтарыңыз да әдемі! Аман болыңыз” деп бейнебаянды үздік деп бағалап қана қоймай, ақ тілектерін жаудырды.

Бейнебаян әншінің өзі айтқандай, биге толы.  Аталған әннің әуені мен сөзін Бауыржан Бимаханов жазған екен. Әнші композитормен бес жылдан бері жұмыс істеп келеді.

12599193_1713036472276770_1933489127_n

Естеріңізге сала кетсек, Айдана Меденованың әншіліктен бөлек, кәсіпкерлікті қолға алғандығы туралы хабарлағанбыз.

Талқылау