Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова өзін “ұмытуды бұйырды” (видео)

Әнші тыңдармандарын жаңа туындысымен қуантты. Ол Ұмыт атты әнге бейнебаян түсірген екен.

16229374_173632206456944_3696314121260630016_n

Фото: instagram.com/aidanamedenova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Айдана Меденова тыңдармандарына жаңа бейнебаянын ұсынды. Аталған бейнебаян “Ұмыт” атты әнге түсірілген екен. Туындының сөзі Бауыржан Бимахан есімді азаматқа тиесілі.

“Құрметті достар, сіздерге жаңа “Ұмыт” деген әнімді ұсынамын. Бұл бейнебаянды Музарт ән студиясында, 2016 жылдың қаңтар айында Бауыржан мен Паша достарымның көмегімен түсірдік. Мұны әннің акустикалық нұсқасы деп білсеңіздер болады. Осы жаңа бағытта жазылған әнім сіздердің жүректеріңізден орын алып, көңілдеріңізден шығады деген үміттемін”, – дейді Айдана Меденова.

Желі қолданушылары аталған туындыға баға беріп те үлгерді. Көпшілік оның көңілдерінен шыққанын жазып жатыр. “Өте керемет ән. Жанды қарып өтеді екен”, “Айтарға сөзім жоқ! Керемет”, “Осындай әніңіз үшін мың алғыс”, “Жүректен шыққан ән жүрекке жетті деген осы шығар” деп жазады желі қолданушылары. Арасында “Онша емес. Аса қабылдай алмадым. Бәлкім уақыт өте келе ұнай жатар” деп жағымсыз пікір білдіргендер де болды.


Жіберіп алмаңыз:

Витас Димаш Құдайбергеновке өз әнін орындауға тыйым салды

Әжесі: Димаш біраз уақытқа дейін туған әке-шешесін білмей жүрді (фото)

Димаш Құдайбергеновтің келесі кезеңде орындайтын әні белгілі болды

Меруерт Түсіпбаева: Екі күн сайын анама жедел жәрдем шақыртып жатырмыз

Талқылау