Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеновтің келесі кезеңде орындайтын әні белгілі болды

Қытайта өтіп жатқан I am a Singer жобасының екі кезеңін артта қалдырған Димаш Құдайбергенов келесі кезеңде әлемге әйгілі Queen тобының The show must go on әнін орындайды.

16123813_685280408300057_2167704577367867392_n

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Кезекті жеңісінен кейін елге оралған Димаш Универсиаданың ашылуына қатысты. Бүгін түнде ол Қытай астанасы Бейжіңге ұшып кетті. Әнші әрі қарай Чанша қаласына бет алмақ. Байқау да дәл осы мекенде өтіп жатыр.

«Алда дайындық. Ақпанның 4-ші жұлдызы келесі байқау күнінде атақты Queen тобының репертуарынан “The Show must go on” әнін шырқаймын! Шоу басталды!» – дейді Димаш.

Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан I am a Singer жобасы бас-аяғы 14 кезеңнен тұрады. Әр турда жеңіске жеткен әншіге кубок табысталады. Олардың ең көбін жинаған өнерпаз жеңімпаз атанады.

Еске сала кетсек, қытайлармен бәсекеге түсіп жатқан жалғыз қазақ баласы Димаш Құдайбергенов бұған дейін 2 кезеңді жеңіспен аяқтаған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайды аузына қаратқан Димаш күмбірлете күй шертіп таңғалдырды (видео)

Танымал ғалым Димаштың жеңісін “Қытайдың кезекті саясаты” деп бағалады

Жалғыз қазақ: Торғайлық ақын тағы да Димашқа өлең арнады (фото)

Баян Есентаеваның сүйіктісі ерлер қауымына ренішін білдірді

 

 

Талқылау