Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова: Қызымның әнші болғанын қаламаймын

Қазақстан эстрадасындағы ең сұлу әншілердің бірі Айдана Меденова тұрмысқа шығып, ана атанса да шығармашылығынан қол үзген жоқ. Жаңа әндер жаздырып, 2016 жылы 2 бейнебаянын жарыққа шығарды. Десе де жас ана бос уақытының бәрін қызына арнайды. Айдана кішкентай Әминәнің болашағы үшін қатты алаңдайды. Өзі әнші болса да, қызының өнер әлеміне қадам басқанын аса қаламайды.

айдана с семьей

Бұл туралы КТК арнасының «Басты рөлде» бағдарламасында айтылды.

«Өскенде әнші боламын десе, не деп жауап берерімді де білмеймін. Бірақ, оны қатты қаламаймын», – дейді Айдана.

Қызының болашағы үшін қатты алаңдайтын әнші өзінің қамсыз балалық шағын да еске алды.

«Қиыншылық көрдім деп айта алмаймын. Кезінде ата-анамның нанға ақша таппай қалған кездері болған екен. Ал мен туған кезде отбасымның жағдайы түзеліп қалған. Мүмкін ата-анам маған барлығын жасағысы келген шығар. Ешкімнен кем болмасын деп өте қатты тырысты. Жақсы мектепке барсын, музыкалық білім алсын деп. Неше түрлі үйірмелерге апара берді. Сол үшін қазір ата-анама алғысым шексіз.

Отбасымда жалғыз мен орысша сөйлеймін. Анам да, әкем де, әпкем де, ағам да, барлығы қазақша сөйлейді. Мен ғана орыс мектебін бітіргем. Көбінесе орысша кітаптар оқығаннан кейін бәрі орысша болып кеткен. Сол үшін әкем қатты ұрсады маған.

Далада ойнап жүргенім есімде емес. Мен әрқашан да бірнәрсе істеп жүрдім. Байқауларға қатысып, әрдайым үлкен кісі сияқты уақытым тығыз болатын. Осылайша ата-анам мені теріс жолдардан қорғады. Басқа балалар ұқсап күні бойы далада ойнамайтынмын. Әрі кетсе 1 сағатқа мені шығаратын. Сол кезде қиындау болатын. Кішкентай болғандықтан түсінбейтінмін. Сол кезде ұнамайтын маған. Жылайтынмын. Ал қазір өзім де солай істеймін. Мен де қызыма сондай жағдай жасағым келеді. Барлық үйірмелерге апарып, неше түрлі таланттарын ашқым келеді», – дейді Меденова.

Жіберіп алмаңыз:

Жеңіс Ысқақова 2 айда 21 келі салмақтан қалай арылғанын айтып берді

Айдарқұловтың келіншегі: Ол қыз жүктілігін пайдаланып жатыр деп ойладым

Ақбота Сейтмағамбет түсірілім кезінде неге жылағанын түсіндірді

Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа фотосессиясы желіні шулатып жіберді (фото, видео)

Талқылау