Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова күйеуін ерекше клипке түсірді 

Айдана Меденова ұзақ уақыттық үзілістен кейін жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Клип "Сол бір кеш" атты туындыға түсірілген. Әдетте бөгде ер адамдармен бір сахнаға түсетін сылқым бұл жолы өзінің өмірлік серігімен бой көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әннің әуені мен сөзін Диана Исмаил жазған. Бейнебаянға Айдананың күйеуі Әлішер Нұржанов – продюсерлік, ал Игорь Воробьев режиссерлік еткен. 

Әннің ырғағы мен әуені, Айдананың харизмасы мен хореографиясы көпшіліктің көңілінен шықты. Жұрт бейнебаянның ерекше шыққанын атап өтіп, жоғары бағасын берді. 



"Айдана – сондай мінсіз, ерекше әйел. Барлығымызға осындай әйел, ана, әнші, әртіс болу бұйырса ғой", "Керемет клип, өте сұлусыз. Клиптеріңіз ерекше", "Құдай әйел, Қазақстан эстрадасындағы ең сүйікті әншілерімнің бірі", "Сұлулық пен биязылықтың символы", –  деп пікір білдірді желі қолданушылары. 

Талқылау