Айдана Меденова босанған соң ішті кетіру үшін не істеу керектігін айтты
Айдана Меденова Instagram-дағы оқырмандарымен сұхбаттасып, көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап берді. Сауалдардың басым бөлігі Айдананың сұлулығы, күтімі мен отбасы жайлы болған, – деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
– Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
– Әрқашан сен, сонда бәрі де болады.
– Қызыңыз сондай ақылды әрі музыкаға жақын. Оған барлығын кім үйретеді?
– Иә, қызым өте ақылды. Бәрін тез үйреніп алады. Біз Әлішер екеуміз және ата-әжесі үйретеді. 1,5 жасынан бастап анық сөйлейді, әндердің сөзін тез жаттап алады.
– Қалай тамақтанасыз?
– Тәтті мен ағзаға зиян тағамдарды жемеймін. Анда-санда, оның өзінде өте аз мөлшерде ғана болады. Көбінесе жеміс пен көкөніс жеймін.
– Күйеуіңіздің фотоларын неге салмай жүрсіз?
– Түспейді, уақыты болмайды және камераны жақсы көрмейді. Көбінесе менің фотографым.
– Мұрныңызға операция жасатып па едіңіз?
– Жоқ.
– Шашыңыздың ұзындығы қанша? Қандай күтіп жасайсыз?
– Өлшемеппін, шашқа өте қатты қараймын. Кітап жазуға болатын ұзақ әңгіме ол.
– Блефоропластика жасаттыңыз ба?
– Әрине, жоқ. Әдетте блефоропластиканы қабақты үлкейту үшін жасайды. Менің қабағым үлкен де емес. Көзімді бар қалпында жақсы көремін.
– Босанғаннан кейін іштен қалай арылдыңыз? Формаға қайта келу үшін қанша уақыт қажет?
– Жүктілік кезінде артық салмақ жинамасаңыз, іш өзімен өзі кетеді. Екінші ретте бұл процесс ұзақтау жүрді, дегенмен кетті. Ең бастысы, тамақты аз мөлшерде тұтыну, жалқауланбау және көп қимылдау. Жалпы баласы бар әрі жұмыс істейтін әйел үшін басқаша мүмкін де емес.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
