Аяз кезінде пайда болған: Павлодар облысының тұрғындары аспаннан ерекше әдемі құбылысты байқады
11 қаңтар күні кешке Павлодар облысы Ақтоғай ауылында болған аспандағы көріністің фотосуреттері Instagram желісінде тарады. Көпшіліктің болжамынша, мұндай түрлі түсті жарықтар – қатты аяз кезінде пайда болатын құбылыс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Суреттер жергілікті tipavlo.dar парақшасында пайда болды. Автор табиғи құбылыстың байқалғанын жазған. Қолданушылар облыстың басқа елді мекендерінде де аяз бағаналары пайда болғанын атап өтті.
Мұндай жарық бағаналар температураның 10-20 градусқа күрт төмендеуінен немесе ылғалдың атмосфераға кенеттен түсуінен ауадағы мұздың кристалдануынан туындауы мүмкін. Ұқсас құбылыстарды солтүстік ендіктерден де қыста байқауға болады.
Айта кетейік, қазір Павлодар облысында 25 градус аяз. 12 қаңтарда облыстың басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде қарлы боран соқпақ.
"30 минутқа созылады, тез келемін деген еді": Астанада көзіне лазерлі ота жасатуға барған үш баланың анасы қаза тапты
Қызы: "Дені сау адам өз аяғымен таза талдауларымен клиникаға кірген еді"
Ата-анамызды асырауға міндеттіміз бе? Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді
Желі қолданушысы: “Міндетті емес, бала “мені өмірге әкел” деп ешкімнен өтінген жоқ”