Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 градусқа дейін аяз болады: Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер Қазақстан бойынша 23-25 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында аяз, боран, көктайғақ пен тұман болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pixabay-дан

Мамандар еліміздің батыс бөлігінде аязды ауа райы сақталатынын алға тартты. Алдағы үш күнде республиканың батысына батыс антициклоны әсер етеді. Салдарынан ауа-райы жауын-шашынсыз, аязды болады.

Ал елдің қалған аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Салдарынан жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Көктайғақ, тұман мен желдің күшеюінен боран болады деп болжанды.



Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 градусқа дейін, солтүстік-батыста 20-30 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста 7-18 градусқа дейін, оңтүстікте 5 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 0-10 градусқа дейін болады.

Талқылау