Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңажылдық пойыздар қай бағыттар бойынша қатынайды

Пойыздарда жаңа жылФото: ҚТЖ

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жаңа жылды пойызда қарсы алатын жолаушыларға мерекелік көңіл күй ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Айтуынша, бұл күндері вагондар ішінде Аяз ата мен Ақшақар кейпіне енген жолсеріктер жүріп, сыйлықтар береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ бұл шараны  Kaztechnology компаниясымен бірлесіп жасайтынын жеткізді.

“Безендірілген пойыздар мен электр пойыздарында жолаушыларды келе жатқан Жаңа жылмен дәстүрлі түрде құттықтауда. Аяз ата мен Ақшақар кейпіне енген жолсеріктер жолаушыларға жылы лебіздерін білдіріп, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстауда. Балалар ерекше қуанышпен Аяз атаға өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл күйді одан әрі толықтыруда. Аталған құттықтаулар аясында 2 мыңнан астам балаға сыйлықтар табысталады”, – делінген хабарламада. 

Қар ұшқындары, шырша ойыншықтарымен безендірілген пойыздар:

  • №11/12 "Алматы – Шымкент",
  • №85/86 "Алматы – Шымкент",
  • №7502/7501 "Астана – Павлодар",
  • №67/68 "Астана – Өскемен", "Астана-Бурабай" бағыттары бойынша қатынайды.


Бұл құрамдар қаңтар айына дейін жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлайтын болады. Жолаушылардың айтуынша, жаңа жылдық пойыздар сапар барысында ерекше жайлылық пен мерекелік атмосфера қалыптастырып, келе жатқан Жаңа жылдың лебін сезінуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Жаңа жыл түні де Аяз ата мен Ақшақар пойыздарда жолаушыларды мерекемен құттықтайды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Желтоқсан, 2025 11:39