Аяғы 50 сантиметр жігіт биліктегілерге видеоүндеу жолдады
18 жастағы жігіт жоғары лауазымды, заң шығарушы тұлғаларға үндеу жолдады. Ол видоүндеуін желідегі парақшасында жариялады.
Бірнеше ай бұрын аяғынан айырылған Бақтияр есімді жігітке дәрігерлер “50 сантиметр аяғы болғандықтан, арбаны қажет етпейді” деген қағаз берген. Бірақ, ауа-райының нашарлауына байланысты қозғалуы қиындағанын айтты.
Жігіт видеосының астына “негізсіз заңдарды кімдер шығарады, не нәрсеге сүйеніп заң шығарады” деп жазба қалдырған.
“Сәлеметсіздер ме? Менің атым Бақтияр, жасым 18-де. Көпшілікке белгілі болғандай бірнеше ай бұрын менің аяғымды кескен еді. Видеоүндеуімді заң шығарушы аса құрметті жоғары лауазымды тұлғаларға жолдаймын. Сұрақ мынадай: маған арба қажет, бірақ беруден бас тартты. Олар менде 50 сантиметрлі аяқ болғандықтан, арбаны қажет етпейді, қозғала алады деп жауап берген. Иә, маған секіру қиын емес, бірақ біздің ауа-райын есептесек қарапайым адамның өзіне жүру қиындады.
Мен түсіне алмаймын, кім мен сияқтыларды арбамен қамтамасыз етеді?
Мен салауатты өмір салтын ұстанамын. Спорт залға барып, жаттығамын.
Сіздер осы видеоны көрсеңіздер, мен естісеңіздер, менің сөзім назарсыз қалмайды деп үсіттенемін”, – деді жігіт видеоүндеуінде.
Желі қолданушылары арасында жігітке көмектесетін еріктілер де пайда болды. Олар арбаның қанша тұратынын сұрады.
Тағы оқыңыз:
Кей аймақта қар жауады: Синоптиктер сәуір айының алғашқы күндеріне болжам жасады
Жан Ахмадиевтің видеосында жезөкшенің рөлін әйелі сомдаған
Қазақстанда бір отбасындағы әрбір оралманға жәрдемақы төленетін болды