“ЛГБТ жасөспірімдерге оң әсер етіп жатыр”: Қоғам белсендісі денсаулық сақтау министрлігінің БАҚ-тағы есебіне наразылық білдірді
Қоғам белсендісі, Қазақстан ата-аналар қауымдастығының басшысы Бағила Балтабай БАҚ-та тараған денсаулық сақтау министрлігінің ЛГБТ туралы есебіне қатысты министрлік ғимаратына барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж Stan.kz
Бұл туралы қоғам белсендісі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін мен денсаулық сақтау министрлігіне келдім. Себебі кеше түнде Kursiv.media және BES.media деген парақшаларда денсаулық сақтау министрлігі ЛГБТ бойынша өз тұжырымдамасын шығарды деген ақпарат пайда болды. Осыған байланысты мен министрлікке келіп, бұл жағдайды анықтап, барлық мәліметті нақтылау үшін осындамын”, – дейді белсенді.
Фото: instagram.com/bagiaizere
Белсенді аталмыш парақшалардағы министрлікке сілтеме жасап жарияланған ақпараттарды сақтап алған. Тақырыптарға қарағанда, министрлік есебінде ЛГБТ қозғалысының жастарға кері әсер етпейтіні, тіпті оң әсер ететіні айтылған. Алайда мақала авторлары ақпаратты белгісіз себеппен өшіріп тастаған.
Еске салсақ, бұған дейін депутат АҚШ-тың USAID агенттігі Қазақстанда ЛГБТ ұйымдарын қаржыландыратынын айтып, шағым білдірген еді.