Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Аяғыңды сүйейін бе?”, “аферист”: Қызметкерімен сөзге келген ақтөбелік басшы сөгіс алды

Ерлан Ибрашев

Фото: Stan.kz

Ақтөбедегі мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасындағы жанжал әдеп кеңесінде қаралды. Кеңесте тәртібі қаралса да,  дауласқан басшы сөгіс алып тынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе қалалық аумақтың инспекциясының басшысы Ерлан Ибрашев кабинетіне рұқсатсыз кірген бас маман Айгүл Сейтмұхамбетовамен сөзге келген. Оқиға биыл шілде айында болды.

“Амандаспай, рұқсатсыз неге кіресіз” деген сарындағы ескертуге қызметкері “Мен амандасамын ба, демалшы” деген жауап қайтарады.

Тексеру барысында қызметкер ондай сөз айтпағанын, тек “мен сенен үлкенмін, сен амандасуың керек” деп жауап бергенін алға тартты. Қызметкердің кабинетке рұқсатсыз кіргеніне, аталған сөзді айтқанына куә болғандар бар.

Мекемедегі жағдайға байланысты әдеп жөніндегі уәкіл ішкі жиналыс өткізген. Жиналыста қызметкердің басшысынан кешірім сұрағаны айтылады. Алайда қалалық инспекция басшысы кешірім қабылдамайтынын білдірген соң, Сейтмухамбетова “енді сенің аяғыңды сүйейін бе? деп айтты. Осыдан  кейін басшы ашуға ерік беріп “ей сен, не екіжүзденіп отырсың, аферистенбе” деген сөздерді айтып, жиын аяқталмастан залдан шығып кетеді.

Ақтөбеде қызметкер мен басшы арасындағы жанжал

Фото: Stan.kz

Әдеп кеңесінде инспекция басшысы оқиғаны баяндап берді. “Сол кезде 2-3 күн қан қысымым көтеріліп жүрді” деп ақталды.

“Біріншіден, ер адамсыз. Екіншіден басшысыз. Не істеп жүрсіз? Сол сіздің дәрежеңіз ба? Қандай адам болса да, кім болса да, сыпайы сөйлесу керек. Тәртіптік жазаның негізгі мақсаты – адамның іс-әрекет жасауға болмайтынын түсіну, қайталамау. Өкінішке қарай сіздің түйсігіңізге әлі жетпеген сияқты. "Тырысамын алдағы уақытта болдырмауға, түсіндім, арамызда болған әңгіменің дұрыс емес екенін түсіндім" деген сөз естімедім. Бәріне сол әріптесім кінәлі, мен емес деп тұрсың. Мекемеңізді кінәлап жатсыз”, – деді Ақтөбе облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов.

Аталған жағдай бойынша  иснпекция басшысы да қызметкерлері түсініктеме жазған. Мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде әдеп нормаларын бұзу фактісі бар деп таныды. Екеуі де “сөгіс” түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

Кеңеске бірнеше әкімдік қызметкері шақырылған. Президент әкімшілігі жүргізген тексерісте анықталған олқылықтар бойынша түсініктемелер берді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 21 Тамыз, 2025 17:16
Талқылау