Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяғы сынып, қолы жарақаттанған": Атамбаевтың ұлы не үшін "ұсталғаны" белгілі болды

Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың бұрынғы кеңесшісі әрі Қырғызстан социал-демократиялық партиясының мүшесі Құндыз Жолдыбаева Қой-Таш ауылында болған қақтығысқа байланысты екінші рет тергелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі мемлекеттің жергілікті басылымдарына сілтеме жасап. 

Сейтек АтамбаевСурет: ашық дереккөзінен

Адвокат Замир Жоошевтің айтуынша, тергеуге куәгер ретінде бұрынғы президенттің ұлы Сейтек Атамбаев та шақырылған. Ол Қой-Таштағы қақтығыс кезінде президент ұлының қолы жараланып, аяғы сынғанын айтты. 

Осы уақытқа дейін әлеуметтік желілерде Сейтек Атамбаевтың ұсталғаны туралы видеолар тараған-ды. Алайда кейін ішкі істер министрлігі оның ұсталмағанын, тек куәгер ретінде шақырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Атамбаевтың інісі Нұрбек Шәршеновті де мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұстап алып кеткені белгілі болды. 

Естеріңізге сала кетсек, қақтығыстан кейін Алмазбек Атамбаев билікке өзі берілді. Бұдан кейін қырғызстандықтар орталық алаңда митингіге шықты. Желіде оларды милиционерлердің қалай таратқаны туралы видео тарады.  

Талқылау