Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АвтоЖол" жеңілдетілген автонесие бағдарламасы басталмақ”: Министрлік желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әлеуметтік желіде тараған "АвтоЖол+" атты жеңілдетілген автонесие бағдарламасы басталатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған ақпартта жаңа автонесиенің бастапқа жарнасыз, жылдық 2%-дан басталатын мөлшерлемемен берілетіні, сондай-ақ автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланатыны айтылған.

Министрлік бұл ақпаратта көрсетілген шарттармен бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасалмағанын атап өтті.


"Скрининг жазбасын растап, код айтуды сұрайды": Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға жаңа алаяқтық туралы ескертті

Профессордың пәтерін алдап сатқызып, баспанасынан айырған: Алаяқтардың жаңа схемасынан қалай қорғана аласыз


"Аталған ақпараттық материал жалған және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін. Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады”, – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын шешіп алуға көмектесеміз деп уәде беретін алаяқтардан сақ болуға шақырған еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 20 Тамыз, 2025 22:58
Талқылау