Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне енді қаржылық сауат үйретіледі

Фото: pixabay.com
Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне енді қаржылық сауат үйретіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Курстар бағдарламасына экономика негіздері мен жеке деректердің қауіпсіздігі де енгізіледі. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бес күндік курстан шамамен 6 мың мектеп және колледж мұғалімі өтеді”, – деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
2026 жылы тағы шамамен 4 мың педагог оқытудан өтеді.
Курстарда алынған білімді алдағы уақытта еліміздің барлық мектептерінде балаларды оқытуға енгізу жоспарланып отыр.
Еске салсақ, Қазақстанда мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлерге шабуыл жасағандарға да жауапкершілік күшейтілмек.
Талқылау