Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Автокөлік, былғары кресло, 90 миллион теңге": Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары ақталды

Облыстық апелляциялық сот алқасының судьялары әкім орынбасары Жангелді Әубәкіров пен басқа да сотталушылардың қаланы безендіруге бөлінген бюджет қаражатын ұрламағанын растады. Ақталған адам заңсыз қылмыстық қудалауға байланысты мемлекеттен өтемақы талап ете алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Тергеу Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіровтің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Досовтың және "Табыс Ақтөбе" ЖШС-нің тағы үш қызметкерінің демеушілік ақшалай бюджеттік 90 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар деп күдікпен басталған болатын.

Тергеу барысында Әубәкіров ұрланған 90 миллионға Lexus автокөлігін, былғары кресло сатып алып, бес айыпталушы ақшаның бір бөлігін өзара бөлісіп алған деген күдікке ілінген еді. Алайда қызметкерердің барлығы бұл фактіні мойындамаған. Ал есепшісі орынбасардың таксимен Алматыға жаңа жылдық әшекейлер сатып алу үшін барғанын айтып сендірді. Дегенмен шендінің көтерме базардан сатып алған, түбіртегі болмаған. Айтуларынша тауар Ақтөбеге екі ауыр жүк көлігімен әкелінген. Бірақ ол көліктердің мемлекеттік нөмірлері мен жүргізушілері естерінде қалмаған көрінеді.

Осыған байланысты қаржыгер Lexus-тің салықты оңтайландыру үшін сатып алынғанын айтты. Әубәкіров көлік пен құрылыс материалдарын алмағанын айтып, креслоның оған уақытша пайдалануға беріленін жеткізді. Ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне "КДС-Астана" серіктестігімен қаланы көріктендіру жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасасуды тапсырмағанын жеткізді.



Өткен жазда Әубәкіров пен Досов 7 жылға бас бостандығынан айырылып, тағы үш айыпталушы сәл азырақ мерзімге сотталды. Бірақ апелляциялық сотта жаза жұмсартылып, нәтижесінде барлығы бостандққа шықты. Іс Жоғарғы Сотқа дейін жеткен. Ал кассациялық инстанция іс бойынша Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормалары көп бұзылғанын анықтап, облыстық соттың айыптау үкімі мен қаулысының күшін жойды. Осылайша бұл қылмыстық ісі Ақтөбедегі облыстық соттың сот алқасының қарауына қайтадан жіберілді. Алқа судьялары іс бойынша барлық айыпталушылардан, куәгерлерден, жәбірленушіден қайтадан жауап алды. Ақтөбенің бұрынғы әкімі Мавр Абдуллинге тағы да телефон шалынып, ол сотта Әубәкіров пен Досовқа қаланы көріктендіруге қаражат табуды өзі тапсырғанын, бюджет қаржысының не үшін жұмсалғанын, кіммен жұмыс істеуге келісім-шарт жасасқанынан хабардар екенін айтты.

Облыстық соттың апелляциялық сатысының судьялары қаланы көріктендіру жұмыстары толық көлемде аяқталғанын және сотталушылардың жемқорлық фактісі дәлелденбегенін анықтады. 

Ал айыптаушы тараптың ұстанымы сотта сәтсіз аяқталды. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушылардың өздері айыпталған қылмысты жасамағанын анықтап, бесеуіне де кінәлі емес деген үкім шығарды. Енді олар заңсыз жауапқа тартылғаны, тіпті ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылғандары үшін мемлекеттен өтемақы талап етуге құқылы.

Талқылау