Автобустардың тұрақты жұмысына тыйым салынды: Ақтөбе облысында шектеу шаралары күшейтілді
Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қаулыға сәйкес, өңірде карантин күшейтілді.
Облыс аумағында ас беруге; ойын-сауық мекемелерінің қызметіне; бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы асхана жұмысына; банкет залдарының қызметіне; мәдениет объектілерінің (дайындықтар); театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың жұмысына; қалааралық, облысаралық және облысішілік тұрақты автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына; кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге; мұражайлардың, кітапханалардың қызметіне, қасиетті "Рамазан" айы кезінде бір отбасының бірге тұратын мүшелері арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынады.
Айта кетейік, діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өтпейді.
Қоғамдық тамақтану орындары жұмыс және сенбі күндері сағат 07.00 – 22.00 дейін жұмыс істеп, жексенбі күндері тек тапсырысты жеткізеді.
Жексенбі күні сауна, моншалар, сұлулық салондары жабық болады.
Сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері де жексенбі күні жабылады.
Қаулы 2021 жылдың 31 наурызы 00:00 сағаттан бастап күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
