Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Автобуста күн сайын адам толы болады": Алматыда ауа райының қолайсыздығы қоғамдық көлік мәселесін ушықтырып жіберді

Алматы кептелісФото: Видеодан скрин

Алматыда ауа райының қолайсыздығы қоғамдық көлік мәселесін ушықтырып жіберді. Тұрғындар автобустарды әдеттегіден ұзағырақ күтетінін айтып, шағым білдірді. Күніне 3 мыңға жуық автобус жұмыс істейді, бірақ бұл әлі де жеткіліксіз болып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

1 қазан күні алматылықтар жаңбырдан 10 балдық кептеліске тап болып, көлік мәселесі жағдайды одан әрі ушықтырып жіберді. Тұрғындар қоғамдық көлік мәселесі әлі де жалғасып жатқанын айтып, шағым білдіріп жатыр. А

"Кейбір маршруттар өте жиі, яғни 10-15 минут ішінде жүреді. Жарты сағатқа дейін күтуге тура келетін автобустар да бар", "Кейде аялдамада тұрып, автобус келген кезде, оның ішінде адам көп екенін байқаймын. Сондықтан мінбей қалып қоямын. Сосын келесісін күтемін, ол бос болмаса тағы да келесісін күтемін", "Автобустар аялдамаға күніге толып келеді. Күн сайын, кешке, таңертең, ауысым уақытында және балалар мектепке бара жатқанда болады", – дейді тұрғындар. 

Алматы кептелісФото: Stan.kz

Кептеліс мәселесін кептеліс үшін төлем жүйесі мен қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесін енгізу арқылы шешуге болады. Автокөлік мамандары қарбалас уақытта маршруттар санын көбейтуді ұсынды.

"Өзгермелі жұмыс кестесін енгізсе тиімді болар еді. Осылайша күндіз автобустарды азайтуға болады. Өйткені бұл кезде негізінен жеке көліктер мен курьерлік қызметтер жүреді. Ал кешке, керісінше, бағыттарды күшейткен жөн. Сонда адамдар аялдамада ұзақ күтпей, автобустар уақытылы келіп тұрады", – деді "Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шахов. 


Алматыда бір апта бұрын төселген асфальт опырылып, автобустар жүре алмай қалды (видео)


Таразда автобустың мас жүргізушісі жолаушыларды тасып жүрген жерінен ұсталды


Ал әкімдіктің мәліметінше, қала жолдарында күніне 2900-ден астам автобус жүреді. Тағы 600 көлік резервте тұр. Жол қозғалысы онлайн режимде бақыланады. Тиісті бөлім бұл мәселені қолға алып, оны шешу жоспарын белгіледі.

"Халықтың алаңдаушылығын түсінеміз. Кептеліс және жол жөндеу сияқты факторлар қоғамдық көлік бағыттарының уақытылы жұмыс істеуіне айтарлықтай әсер етеді. Біз халықтың сұранысын ескере отыры нақты бағыттарға, талдау жүргізіп жатырмыз. Қосымша көліктерді кезең-кезеңімен енгіземіз", – деді Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Азамат Ешенқұл. 

Оқу жылының басынан бері метрополитенді есептемегенде, қоғамдық көлікте 1,5 миллионнан астам саяхат жасалды. Билік жыл соңына дейін газбен жүретін қосымша 600 автобус сатып алуды жоспарлап отыр екен.

Айта кетейік, бұған дейін Қазан айынан бастап Қазақстанға жүк көліктері мен автобустарды әкелуге тыйым салынатыны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 03 Қазан, 2025 14:59
Талқылау