Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Автобус жүргізушілері жетіспейді: Астанада автобус айдайтындар жұмыс кестесіне қатысты наразылығын білдірді

Қазақстандық автопарктерде жүргізушілер тапшы. Әсіресе Астанада 1000-нан астам автобус жүргізушісі орны бос, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

автобусКөрнекі сурет

Сарапшылар мамандардың жетіспеушілігін "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілген түзетулермен байланыстырды. Бірақ жүргізушілер мәселе тек бұл заңда емес екенін айтады.

Елордалық автопарктерде 1500-ден астам жүргізуші бар. Еңбек кодексі бойынша азаматтар аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс. Бірақ көлік компанияларының мәлімдеуінше, қазір бір жүргізуші үш адамның жұмысын істейтін деңгейге жеткен.

Жұмыс кестесі тым тығыз, жүктеме үлкен. Олардың жұмыс сағатын азайтайын десе, орнын ауыстыратын жүргізушілер жоқ. 

“Пандемия кезінде 400-ге жуық жүргізуші қызметтен кетті. Бүгінгі таңда олар такси қызметтерінде немесе жүк көлігімен зат тасымалдағанды жөн көреді”, – деді "CTS" ЖШС көлікті үйлестіру департаментінің басшысы Манарбек Қалмұқан.

Автобус жүргізушілердің табысы – айына 300-600 мың теңгеге дейін. Бірақ мұндай шамадан тыс жұмыс кестесі үшін бұл жалақы аз.

Жұмысшылардың бірі әріптестерінің көбісі жұмыс ауыр болғандықтан, Еуропаға кетіп қалғанын атап өтті. 

“Таңертең ерте тұру керек. Егер ауысым 6-да басталатын болса, таңғы 4-те тұрып, автобусты алу керек. Оған жанармай құясыз, бірінші аялдамаға барасыз”, – деді астаналық жүргізуші Сембек Жүкенов.

“Көп мәселелер бар. Кейбір жүргізушілер өздері жұмыс істейді, оларды ауыстыратын ешкім жоқ. Мұндай жүктемеден шаршап, кетіп қалады. Жалақы өспейді. Қызметкерлер тіпті несиелерін жаба алмайды. Жұмыс қиын болғандықтан, жастар мұнда жұмыс істегісі келмейді”, – деді тағы бір жүргізуші.

“Заңнамадағы соңғы өзгерістер қоғамдық көлікті басқара алатындардың санын азайтты, - дейді сарапшылар. "Жол қозғалысы туралы заңға" енгізілген түзетулерге сәйкес, автобусты 25 жастан бастап басқаруға болады. Кемінде 5 жыл және D1 санатында 3 жыл жүргізуші өтілі болуы қажет.

“D1 санаты бойынша, 16 орынға дейінгі шағын автобустарды жүргізуге болады. Алайда бүгінде еңбек нарығында мұндай бос орын жоқ. Яғни жүргізуші D санатын алу үшін тәжірибе ала алмайды, ондай мүмкіндік жоқ”, – деді “CTS” ЖШС көлік мамандарының біліктілік орталығының директоры Нұрлан Ильгундинов.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасында автобус жүргізгісі келетіндерге жүргізуші куәлігін беруді жеңілдету мәселесі көтерілді. Олар жұмыс өтілі мен жас шектеулерін азайту ұсынылады. Олардың айтуынша, бұл кадр тапшылығы мәселесін шешеді.

“Осы критерийлердің қайта қаралуын сұраймыз, өйткені қазіргі уақытта жас шектеулері қатаң. Бұл ретте D санатындағы жүргізуші куәлігін алатын үміткерлер үшін оқыту бағдарламасын күшейту қажет. 25 емес, 22 жастан бастап болғаны дұрыс, бірақ қазіргі уақытта ІІМ 23 жасты қолдайды”, “Атамекен” ҚР ҰҚП логистика және тасымалдау департаментінің басқарушы директоры Мұрат Әмірин.

Елордалық автопарктерде кадр тапшылығынан басқа да мәселелер бар.  Көлік үйлестіру департаментінің мәліметінше, 400-ге жуық автобус жетіспейді. Бұл мәселелер шешілмейінше, астаналықтардың жүріп-тұруында қиындықтар туындап, аялдамада ұзақ күтуге немесе таксимен жүруге мәжбүр.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 16 Қараша, 2022 09:02
Талқылау