Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Автобус санын көбейтсін”: Алматы тұрғындары қоғамдық көліктердің лық толуына наразы

Алматы тұрғындары қаладағы жұмыс пен сабаққа барар уақытта лық толатын автобустарға шағымдануда. Айтуларынша бұл тек ыңғайсыздық тудырып қана қоймай, сонымен қатар балаларды жарақаттауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қырғауылды мен Ақжар ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері Алматының орталығына ренішпен қатынайды. Олар жұмысқа уақытында қозғалудың өте қиын екенін айтады.

Таңертеңгі қарбалас уақытта автобусқа отыру мүмкін емес дейді қала маңындағы тұрғындар. Қалаға қарай қатынайтын қоғамдық көліктер таңғы 7-ден бері лық толы болады екен. Мәселені шешу үшін, адамдардың пікірінше, жылжымалы құрам мен жеке мектеп автобусын көбейту керек.

Тұрғындар әсіресе 22, 119 және 212 қалалық маршруттарға наразылық танытуда. Олардың айтуынша, таңертең аялдамаларда адам көп болған кезде автобустың барлығы жолға шықпайды. Автобустар арасында да аралық уақыты көп.

“Міне, суреті, таңертең сағат 6:30-6:40-та адамдардың топтап жиналатын уақытында 9-ақ автобус қатынайды. Ал балалар мектепте отыруы керек уақыт 8-де автобус санын 17-ге дейін көбейтеді.

Ауданымызда мектеп саны толық болғандықтан біз балаларды орталыққа апаруға мәжбүрміз. Ал мектепке уақытында бару үшін тағы да автобустағы лық толы адамдардың арасынан өту қажет. Кейде тіпті адамдар арасында балалардың сөмкелері қалып қойып жататын да кездер болады. Мұндай дүрбелең уақытта автобустарды көбейту керек деп ойлаймын. Егер қаласа, кейін халық саны азайған соң түске қарай қысқартса болады”, – деді Ақжар ықшамауданының тұрғыны Гүлзада Раисова.



Жолаушылар лық толы автобустан түскен балалар мектепке жыртылған сөмке мен аяқ киіммен және мыжылған киімдермен келеді екен.

“Балабақшаға баратын кішкентай бүлдіршіндер автобус ішіндегі қысымға шыдамай жылайды. Дұрыс жағдай жасалуы керек. Автобус санын көбейтсін”, – деді тағы бір тұрғын Назира Ысмайлова.

Сондай-ақ халық 23 мыңға жуық тұрғыны бар "Ақжар" ықшам ауданына баратын екі-ақ бағыттың барын айтып шағымданады. Кейбіреулер таксиге отыруы керек –  бұл 2,5 мың теңгеден кем емес. Әкімдікте халықтың арыз-шағымына қысқаша жауап берілген. Олар 22 және 119-маршруттарда тұрақтылық барын айтқан екен. Өйткені бұл автобустарда ең жоғары сағаттардағы интервал 7-9 минутты құрайды. Бірақ Қырғауылдыдан шығатын 212-маршруттың мәселесі шынымен де бар.

№ 212 маршрутта аралық бұзылған. Тұрақтылық 70%, жылжымалы құрам тапшы. Рейстерден шығу автобустардың техникалық жағдайына байланысты. Тасымалдаушыға қызмет көрсету сапасын, жүйелілікті сақтау мен жағдайды жақсарту тапсырылған.

“Құзырлы органдардан нақтырақ түсініктеме алу мүмкін болмады. Мысалы, мектеп автобусының мәселесінің қарастырылуы. Ал мәслихат отырысында қаладағы маршруттарға қатысты мәселенің шынымен де бар екені айтылды. Осы себептерге байланысты көліктердің 15%-ы күн сайын маршруттан шығып кетеді. 2025 жылға қарай мегаполисте тағы 1000 жаңа автобус пайда болмақ. Алайда олардың қандай бағыта қозғалатыны нақтыланбаған”, –  деді қалалық мобильділік органының ресми жауабы. 

Талқылау