Автобус иесі қашып жүр: 52 өзбек азаматының өліміне кім жауап береді
ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерін қорғау жөніндегі қызмет басшысы Азамат Дүйсембеков Өзбекстанның 52 азаматының қазасына байланысты қылмыстық істің аяқталғанын, сонымен қатар автобус иесінің іздеуді жүргенін хабарлады.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Қылмыстық іс іс жүзінде аяқталды. Күдіктілер мен олардың қорғаушылары іс құжаттарымен танысуда, олар өздерінің кінәсін мойындамай отыр. Бірақ көлік құралдарын пайдалану ережелері бұзылып, оның салдары екі және одан да көп адамдардың өліміне алып келді деген факт есепке алынады», – деді Дүйсембеков.
Ал автобус иесіне келетін болсақ, оған қарсы 348-бап бойынша техникалық кемшілігі бар көлікті пайдалануға беру фактісіне сәйкес тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бап бойынша көлік иесі мен меншік иелері жауапкершілікке тартылады.
«Бірақ автобус жүргізушісі Мехтиев іздеуде болғандықтан, бұл бап бойынша қылмыстық іс тарапсыз қозғалды. Көлік иелерінің қайсысы және қалай жауапқа тартылатыны туралы тергеу мәселесі шешілетін болады»,-деп қосты қорғаныс қызметінің жетекшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 Өзбекстан азаматы қаза болды.
Оқи отырыңыз:
Гүлзира Айдарбекова үшінші келініне қандай талап қоятынын ашып айтты
“Томиристің” ат үстінде шауып бара жатқан сәті желі қолданушыларын күлдірді (видео)
Мақпал Жүнісова Мұхтар Шаханов үшін әруақтардан кешірім сұрады (видео)