Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралиялық жүкті әйел пилонда билеп жұртты шошытты (Фото)

23-жастағы австралиялық Табита Винсенттің босанатын ай-күні жақындап қалды. Соған қарамастан Перт қаласының тұрғыны басын төменде, аяғын жоғарыда ұстап тұра алады. Сондай-ақ, пилонды айналу ол үшін қиын шаруа емес. Болашақ ана өзінің жігіті Джейд Таваидан сәби күтіп отыр. Ол, тіпті, босану кезінде де билегісі келетінін айтты.

576

Бұл туралы bigpicture.ru жазған.

Табита жүктіліктің 35 аптасында. Оның ойынша, пилонда жаттығу арқылы ол босану кезінде қиналмайды. «Бір жолы ғаламтордан босануын жеңілдету үшін бір әйелдің пилонда билегенін көргенмін. Сол сәтте сол тәсілді қайталау ойыма келді», – дейді биші.

«Үйде алты пилоным бар, сондықтан да босану кезінде уақытым болса жаттығу жасаймын. Ол менің көңілімді толғақтан аудартатынына сенімдімін», – дейді болашақ ана.

483

Табита бидің бұл түрімен 2012 жылдан бастап айналысып келеді. Алғашында жаттығуларға немқұрайлы қараған ол кейіннен аптасына екі рет міндетті түрде жаттығуға баратын болған. Ол тіпті көбірек жаттығу үшін өз үйінде пилон орнатып алыпты.

676

Бала көтерерден алты ай бұрын ол пилондағы би бойынша мұғалім болып жұмыс істей бастаған. «Ұстаздығым ұзаққа созылған жоқ. Себебі жаттығу кезінде киетін киімім менің ішімді жасырмас еді. Сол себепті басшылыққа жүктілігім туралы ертеден айтуыма тура келді. Дегенмен де олар түсіністік танытты. Жүктілігім жайында шәкірттеріме де айттым. Себебі мен олардың дене бітімдерінің әдемі болуына жауаптымын, олардың ұстазымыз салмақ қосты деп ойлауы дұрыс болмас еді».

1338
Алғашқыда Табита құрсақтағы сәбиіне зияны тимес пе екен деген оймен жаттығуды жалғастыру-жалғастырмау туралы ойланып жүрді. Алайда акушерлер оның қауіпсіз дүние екендігін айтқан. Себебі Табитаның денесі жаттығуларға әбден машықтанған.

«Мен көптеп сурет жариялаймын, желі қолданушыларының басым бөлігі жағымсыз пікір білдіріп, «бұл жаттығуларды балаңыз көтере ала ма?» –деп сұрайды.

768
«Жағымсыз пікірлерге көңіл аудармауға тырысамын. Меніңше, пікір авторлары қатты қателеседі. Сәбидің денсаулығы ана үшін ең маңызды дүние. Сол себепті де оның өміріне қауіп төндіретін іске мен бармаймын. Көбінесе адамдар ай-күнім жақындағандықтан да, менің жаттығу жасағанымды көріп таң қалады» – дейді биші. Дегенмен де ол экстремалды жаттығулардың біразынан бас тартқан. Бірақ бұрынғыдай аптасына екі рет жаттығуға барады.

1246
Австралиялықтың пікірінше, жаттығу арқылы ол жүктілік кезінде жиі орын алатын токсикоз бен арқа ауруын сезінбейді. Табита қызы дүниеге келгеннен кейін, жаттығулардың арқасында дене бітімін жуық арада қалыпқа келтіремін деп ойлайды.

3107
«Басымды төмен салбыратып тұрған кезде басым айналады, себебі жүктілік кезінде денедегі қанның мөлшері артады. Барлығы ойдағыдай болса, босанғаннан кейін тез арада пилонға қайта оралсам деймін», – деп түйіндеді сөзін Табита.

2148

955

1192

1193

862

1045

Жіберіп алмаңыз:

Жүктілігіне қарамастан ауыр жаттығулар жасайтын фитнес бапкері (фото)

Жүктілік кезінде желінген жемістер болашақ сәбидің IQ-ін көтереді

Америкалық әйел күйеуіне жүктілігі туралы ұшқыштың көмегімен айтты (видео)

Талқылау