AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда үш жастағы балаларға өз бетінше жынысын таңдауға рұқсат бермек

Жаңа Уэльс Австралия штатында үш жастан бастап балаларға өз бетінше жыныс таңдауға рұқсат бермек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа Оңтүстік Уэльс балалар басқармасы биыл нұсқаулық шығарған.

"Мүмкіндіктерді кеңейту және қатысу" деп аталатын Үкіметтің жарияланымы ғалымдар мен сарапшылар арасында жағымсыз реакция тудырды.

Үкіметтің ұсыныстарына сәйкес, үш жастағы балаларға өз бетінше жыныс таңдауға рұқсат етіледі. Дәстүрлі "ол" есімдігінен басқа, өзін бинарлы жыныстық жүйеден тыс көретіндер үшін “олар” сияқты үшінші жынысты білдіретін есімдіктерін тізімге енгізу ұсынылған.

Кейбір мамандар мектеп жасына дейінгі баладан оның гендерлік сәйкестігі туралы сұрау жеке тұлғаның дамуына зиян тигізуі мүмкін дейді. Сондай-ақ, бұл балаларды шатастыруы мүмкін деп санайды, өйткені олар гендер ұғымын әлі игермеген.

Нұсқаулықта үш жастан сегіз жасқа дейінгі балаларға қамқорлық жасайтын ересектер мен ата-аналар ешқашан олардың жынысын анық көрсетпеуі керек делінген.

Австралиядағы қоғамдық қатынастар институтының докторы Белла Д' Абрера баладан қандай есімдікті таңдағанын сұрау өте орынсыз деп санайды.

"Балаларға бұл сұрақты қою өте күлкілі. Үш жастағы балалар есімдіктің не екенін білмейді. Қоғам ретінде біз балаларға бала болуға мүмкіндік беруіміз керек. Оларды екіден көп жыныс бар екендігі жайындағы ғылыми жалған нәрсенің арасына түсіруге болмайды", – деді ол.


"Бала кезімде үй ішіндегі қыздарға салынған тыйым көп болды": Желіде танымал суретші иллюстрациялары арқылы әлеуметтік теңсіздік мәселесін көтереді 


Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының балалар қамқоршысының кеңсесінің өкілі балаларға өздеріне қатысты есімдіктерді таңдауының пайдасы бар деп болжайды.  

"Баланың оған қалай қарым-қатынас жасағанын біле отыра, шатасып қалмауға, өзара сенім орнатуға болады",  – дейді ол.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр