Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аустралияның бір ғасыр бұрын жоғалған сүңгуір қайығы табылды

Аустралияның алғашқы сүңгуір қайығының сынықтары 103 жылдан кейін табылды.

Бұл ж-н3нде  ТАСС  РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Аустралияның  әскери-теңіз құпиясы Папуа-Жаңа Гвинеяның құрамына кіретін Дьюк-оф-Йорк аралдары жағалауынан HMAS AE1 алғашқы сүңгуір қайығының сынықтары табылған соң ашылды», – делінген хабарламада.

Өткен аптада басталған экспедиция барысында сүңгуір қайықтың орналасқан жерін анықтаудың сәті түсті.

The Australian газетінің жазуынша, іздеушілердің бұған дейінгі жиырма тоғыз әрекеті сәтсіз аяқталған. Кеме су түбінде, 300 метр тереңдікте жатыр.

Сүңгуір қайық Жаңа Британия аралдарының (Папуа-Жаңа Гвинеяның құрамына кіреді) маңында 1914 жылғы 14 қыркүйекте із-түзсіз жоғалған. Оның бортында 35 адамдық экипаж болған.

Оқи отырыңыз: 

Мейрамбек Бесбаев: Алтынбек Қоразбаевтың арқасында аяғымнан ешкім шалған емес

Әшімов Тастанбековті өлеңмен жоқтап, жылап тұрып қалың жұртқа ішкі сезімін ақтарды (фото, видео)

Танымал журналист Рахат Мамырбек өмірден озды

Нұрмағанбетова: Қайырымдылықтан пайда көргісі келетін, ұйымдастырушыларды алдап кететін әншілер көп

 

Талқылау