Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Australian Open жарысында тарихи жеңіске жеткен Рыбакина қанша табыс тапты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open жарысының жартылай финалына шығу арқылы қомақты жүлдеге қол жеткізбек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ширек финалда отандасымыз латвиялық Елена Остапенкоға қарсы ойын өткізген. Алғашқы сеттt Рыбакина 3:1 есебімен жеңіп жатқан, алайда жауын салдарынан ойын тоқтатылды. Ойын жалғасқан соң 6:2 есебімен жеңіске жеткен. Екінші сетте де қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті.

Егер Рыбакина финалға шықса 1 миллион 625 мың австралиялық доллар, ал Мельбурндағы жарыста жеңіске жетсе 2 миллион 975 мың табысқа ие болады.

Қазақстандық спортшы сонымен қоса ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге өнер көрсеткені үшін қосымша ақшалай сыйлық алады. Спортшылар 1/8 финалдық кезеңге тоқтап, 67 250 австралиялық доллар (әрқайсысы – 33 625) табыс тапты.

Осылайша, Рыбакинаның Australian Open чемпионатындағы қазіргі жүлде қоры 958 625 австралиялық долларды немесе шамамен 312 миллион теңгені құрайды.

Елена Рыбакина WTA рейтингінде 25-орында, ал Остапенко 17-орында тұр. Жартылай финалда Рыбакина Джессика Пегула (АҚШ) мен Виктория Азаренко (Беларусь) жұбында жеңіске жеткен теннисшімен ойнайды.

Талқылау