Атырауда ауласынан мәйіті табылған қарияның өліміне қатысты іс тоқтады
Биыл қаңтар айында Атырау облысы Махамбет ауданындағы Таңдай ауылында өз ауласынан денесі табылған қариянының өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана ТВ" арнасына сілтеп.
82 жастағы қарияның мүрдесі, өзі тұрған үйдің ауласында көміліпті. Сол кезде әлеуметтік желіде: "мәйіттің бөлікке бөлініп, бірнеше айдан бері сақталғаны" да желдей есті. Бұл қауесет аядай ауылдың үрейін ұшырған еді.
Тұрғындар күдікке зейнеткермен бірге тұратын қарындасының қатысы болуы мүмкін екенін де айтқан болатын. Полиция қылмысқа кінәлі адам таппаған.
Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, қылмыстық іс қылмыс құрамы болмауына байланысты тоқтатылды. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамның мүрдесінде дене жарақының іздері анықталмаған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн