Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді аула тазалайды: ШҚО-да әйел күйеуінің көңілдесін жазаға тартты

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны желіде жеке басына тіл тигізген күйеуінің көңілдесін жазаға тартты. Жәбірленуші сотта балағат сөздер жазылған аудиожазбаны көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, оқиға 8 наурыз алдында қызғаныш салдарынан болған.

Бикеш ер азаматпен қарым-қатынасы туралы айту үшін оның әйеліне телефон шалған. Алайда өзін-өзі ұстай алмай, оған әдепсіз сөздер айтқан. Жәбірленуші онымен сөйлескісі келмегеніне қарамастан, айыпталушы оған бірнеше рет хабарласып, мазасын алған. Осыдан соң арызданушы учаскелік инспекторды шақырған.

Жәбірленуші аудиожазбаны сақтап, сотқа ұсынған. Сот бикешті құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Пробация қызметінің есебіне алынып, әкімдікке қоғамдық жұмыстарды орындауға жіберілді. Ол енді күн сайын төрт сағат бойы аула тазартады.


Қазақстанда ұсақ заң бұзушылықтар үшін қоғамдық жұмыстар жазасы қолданылауы мүмкін

Талқылау