Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауыз сусыз қаламыз": Алматы облысындағы тау етегіндегі ауыл тұрғындары қарағайлайлардың кесілуіне наразы

Алматы облысы, Ұйғыр ауданына қарасты Қырғызсай ауылының тұрғындары наразылық білдірді. Тау етегінде орналасқан ауыл тұрғындарынан, елдімекен жанындағы Алма және Сулы сай аталып кеткен сайлардан 100 түп ағаш кесіледі деген ақпаратты естігелі маза кеткен.  Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

қарағай

Жергілікті тұрғындар Үлкен және Кіші сай атап кеткен бұл сайлар арқылы таудан аққан су ауылға барады. Бірақ Үлкен сайда біраз жыл бұрын тау көшіп, са ағысы бітеліп қалуы салдарынан ауылға суы онсыз да аз ағып жатыр. Егер қарағайдың бәрін құлатса, тау байлығынан айырылу былай тұрсын, ауыз сусыз қаламыз, дейді жергілікті тұрғындар.

"Әрбір қарағайдың түбінде 5 тонна су болады ғой дейді. Әрине, оны кесілгенінен жылдан жылға біздің ауыз суымыз азайып бара жатыр. Керек десеңіз сол ауыз суы ауылға қыстың күні жетпейді", - деді Қырғызсай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Жанәбіл Смадиұлы.

Тұрғындардың сөзінше, орман шаруашылығындағылар Кіші сайдағы 100 түп ағашты кесуге бұйрық шығарып, қалың қарағайда таудан құлатады екен. Тау басынан етегіне түсірілген қарағай айналасындағы ағаштарды да зақымдайды, деп алаңдайды тұрғындар. Ал оған қадағалауға ниет білдірген ауыл тұрғындарын бұл іске араластырмай отыр екен. 

"Алдымен ағаштарын отырғызатын, кейін оны қыратын, ол кезде ешкім үндемейтін. Жолды жасайтын, ауыл адамдарын жұмысқа тартатын. Қазір жоқ, өзіміз жұмысқа тартамыз дейді, ауылдың адамдары 2-ші сорт, керек емес жұмыстарға қояды", - дейді Қырғызсай ауылының тұрғыны Болатбай Қайыңбаев.

"Олар қайтадан алып келеміз, өсіреміз деп уәде берген. Бірақ біз ешқандай сенім білдірмейміз. Алса алынсын, белгілі бір ретпен. Қасындағы ағаштар қорғалса, айналасындағы аңдар қорғалса. Енді ауылымыздың мақтанышымыз - тауымыз. Әрбір келген адамға тауымызды көрсетіп мақтанамыз", - деді Қырғызсай ауылының мәдениет қызметкері Қанат Жанысбаев.

Ал Алматы облысының табиғи ресурсы және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман шаруашылығының мамандары биыл 1755 текше метр ағаш кесу жоспарланып отырғанын жасырмайды.

"Бүгінде 50 текше метр ағаш дайындалды, бірақ басты мақсатта ағаш кесу басталмады", - деп жауап қайтарды мекемедегілер.

 

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Маусым, 2020 10:23
Талқылау