Ауырсынуды басып, ұйқы сапасын жақсартады: Ғалымдар ғашықтық сезімі адам ағзасына қалай әсер ететінін анықтады
Ғалымдар махаббат мен ғашықтық адамның психологиялық және физиологиялық жағдайына қалай әсер ететінін анықтады. Ғалымдар бұл зерттеуді жасау үшін 1556 адамның арасында сауалнама жүргізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото:pixabay
Адам ғашық болған кезде оның миында сезімді басқадан жоғары қоятын механизм іске қосылады. Бұған эволюцияның қатысы бар, өйткені эволюция үшін басты нәрсе – ұрпақ қалдыру. Ал ол үшін серігіңізге қамқорлық жасап, оның сүйіспеншілігіне ие болу керек.
Көбі сүйіктісімен бірге ұйықтау әлдеқайда мазасыздық тудырғанымен, бұл кезде ұйқының сапасы жақсырақ екенін атап өтті. Бірге ұйықтаудың психикалық жағдайға, есте сақтау қабілетіне және мәселені шешу қабілетіне оң әсер ететіні анықталды.
"2020 жылы Кристиан-Альбрехт-Киль университетінде жүргізілген зерттеуде төрт түн бойы бірге ұйықтаған жас жұбайлардың миы тексерілді. Физиологиялық тұрғыдан маза болмағанына қарамастан, мидың белсенділігі төмендеді. Бұл тезірек ұйықтауға мүмкіндік берді", – деп қорытындылады ғалымдар.
Жақын қарым-қатынастағы адамдарда әртүрлі пайдалы ішек микрофлорасы бар. Адам сүйіскенде, 80 миллион бактерияны жұқтыруы мүмкін.
- Сүйіктіңізбен өткізген уақыт С-реактивті ақуыз деңгейін төмендетеді. Нәтижесінде қант диабеті, жүрек ауруы және қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің қаупі азаяды;
- Сүйіктіңізбен қол ұстасып, құшақтаспасаңыз да, қасыңызда болуы ауырсынуды азайтады. Мұның бәрі эйфория сезімін тудыратын окситоцин гормонының бөлінуіне байланысты болса керек. Ол күйзелістің төмендеуіне көмектеседі.
- Окситоциннің бөлінуі ішек ауруларын, соның ішінде іш қату, кебу және жүрек айнуының алдын алады. Окситоцин асқазан бұлшықеттерінің жиырылуын күшейтіп, оның дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді.
- Махаббат жад пен көңіл-күйді жақсарту сияқты дененің көптеген функцияларына әсер ететін дофаминді шығарады.