Ауыр атлетика федерациясының жаңа басшысы тағайындалды
Гаджи Гаджиев Қазақстан ауыр атлетика федерациясының жаңа президенті болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанада өткен қорытынды конференция барысында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты. Жанат Түсіпбеков ұйым басшысы ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтағанын жариялап, өз орнына Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды. Конференцияға қатысушылар бұл шешімді бірауыздан қолдады.
Айта кетейік, бұған дейін Ольга Рыпакованың жеңіл атлетика федерациясының президенті қызметіне тағайындалғанын жазған едік.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

