Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынының бағасы 254 теңге деп белгіленді

Фото: gov.kz

Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолжетімді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство басшысы 30 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері биылғы 1ақпан мен 30 маусым аралығында 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына 400, 9 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекіткенін атап өтті.

“Дизель отынының бағасы 1 литр үшін қосылған құн салығымен 254 теңге болып бекітілді”, –деп мәлімдеді Ақкенженов.

Сондай-ақ ол ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауы қамтамасыз ету үшін мынандай шаралар қабылданғанын атап өтті:

  • жеке ПИН-кодтар алынды;
  • дизель отынын сары, көк және қызыл түстерге боялды;
  • электронды шот-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек вируалды қойма құрылды.

Министрлік мәліметінше, көктемгі дала жұмыстарына ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің дизель отынына қажеттілігі 400,9 мың тонна деп есептелген.

“Ақпан-сәуір айларында көктемгі дала жұмыстарына 215 мың тонна немесе дизель отынының жалпы көлемінің 54 пайызы жөнелтілді. Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен уақытылы қамтамасыз ету үшін жеткізуші мен мұнай өнімдерін сатып алу-сату шартын жасалған сәттен бастап 10 жұмыс күнінің ішіне дизель отынының бөлінген көлемі үшін төлемді жеделдету қажет. Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер атына жөнелту басым негізде жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда болады”, – деп мәлімдеді Энергетика министрі.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 11:03
Талқылау