AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы мүлдем басқаша дамуы қажет – Даниал Ахметов

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі ауыл шаруашылығын дамыту туралы ойымен бөлісті.

“Ауыл шаруашылығы мүлдем басқаша болуы үшін біз көп нәрсені өзгертуіміз керек. Егер сіз соңғы 20 жылдағы статистикаға мұқият зер салсаңыз, онда сіз революциялық өзгерісті көрмейсіз”, - деді аймақ басшысы.

“Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жасаған тұжырымдарға сәйкес, біз өз іс-әрекетіміздің парадигмасын өзгертуіміз керек дегенді білдіреді. Менің ойымша, біз қазірде ондаған миллиардтаған субсидия бөліп отырған көп нәрсе тиімсіз”, – дейді Даниал Ахметов.

Әзірге өңірде асыл тұқымды мал сатып алу үшін фермерлерді субсидиялау бағдарламасы жалғасуда. Жыл басынан бері 7,2 млрд теңгеге субсидия төленді, жақын арада тағы 900 млн теңге бөлінеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр