AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл әкімі Наурыз мейрамында 40 келі қошқарды көтеріп, елді таңғалдырды (видео)

Алматы облысы Талдыбұлақ ауылында өткен Наурыз мейрамында Белбұлақ ауылдық округінің әкімі Нұрбол Досымбаев 40 келілік қойды 50 мәрте көтерді.

Ақ жейде мен костюм киген ауыл әкімі қошқар көтеруден тартынбады.

Әкімнің мұндай әрекетінен кейін жігіттер қауымы кезектесе қошқар көтеріп, жарысқа түсті. Олар ауыр салмақты қошқарды көтеріп, күш сынасты. 

Айта кетейік, 34 жастағы Нұрбол Досымбаев жалпыхалықтық дауыс беру арқылы әкім болып сайланды. Ол Талдыбұлақ ауылында туып-өскен.

Жиналған қауым айнала қоршап, қошемет білдірді. Көпшілігі ауыл  басшысының табандылығына тәнті болып, құрмет көрсетті. 

“Әкім осындай болу керек”, “Нағыз ер екен”, “Жас болса да нар тұлғалы екен”, “Әкім осылай үлгі көрсетсе, жастар да түзеледі”, “Жасасын”, “Біздің әкім ғой”, “Қазіргі әкімдер қошқар да көтермейді ғой”, “Басқа әкімдерге эстафета”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр