Ауғанстандағы студенттердің алғашқы фотолары желіде пайда болды
Ауғанстанда "Талибан" (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) билікке келгеннен бері алғаш рет студенттер университетке орала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.
Ауғанстанның ең ірі қалаларындағы университеттердің оқытушылары мен студенттері – Кабул, Кандагара және Гератада студент қыздарды сыныпта оқшаулайтынын, оларды бөлек оқытатынын, кампустың белгілі бір бөліктерінде шектелетінін айтқан.
Агенттіктің хабарлауынша, кейбір жағдайларда студенттер өз құрдастарынан сыныптың ортасындағы перделер не тақталармен ажыратылған.
Желіде кеңінен таралған фотосуреттерде сыныптың ортасынан жүргізілген сұр түсті пердені көруге болады.
"Перделерді іліп қоюға болмайды. Мен сыныпқа кірген кезде өзімді жайсыз сезіндім. Біз осылайша біртіндеп 20 жыл бұрынғы шаққа ораламыз", – деді Кабул университетінің 21 жастағы студенті Ангила.
Оның айтуынша, Талибан Ауғанстанды басып алғанға дейін қыздар ер адамдардан бөлек отыратын. Алайда сыныптарда ажыратып тұратын физикалық кедергі болмаған.
"Танысқан кезде мұндай болмаған": Алматылық әйел күйеуіне тұрмыстық зорлық көрсетеді деп шағымдануда
Елдің батысындағы Герат университетінің журналистика факультетінің оқытушысы агенттікке бір сағаттық сабағын екі жартыға бөліп, алдымен әйелдерге, содан кейін ерлерге сабақ беруді шешкенін айтты.
Оның айтуынша, оның курсына жазылған 120 студенттің төрттен бір бөлігі сабаққа келген. Бірқатар студенттер мен оқытушылар елден қашып кеткен және елдің өркендеп келе жатқан жеке медиа секторының жағдайы белгісіз болмақ.
"Студенттер бүгін қатты қобалжыды. Мен оларға оқуды жалғастыра беру қажеттігін, алдағы күндері жаңа үкімет ережелерңн орнататынын айтты", – деді профессор.
Кабулдағы жекеменшік университеттің 37 жастағы оқытушысы Шер Азам өз кезегінде оқу орны мұғалімдерге ерлер мен әйелдер үшін жеке сабақтар өткізуге немесе сабақтарды перделер мен тақталармен бөлуге мүмкіндік бергенін айтты. Алайда ол Талибанның жеңісінен кейін туындаған елдегі экономикалық дағдарысты ескере отырып, сабақты жалғастыратын студенттердің саны туралы алаңдаушылық білдірді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстанның жеке университеттер қауымдастығы ұсынған нұсқаулықтары бар құжатта қыз балаларға хиджаб кию және жеке есіктен кіру сияқты шаралар көрсетілген. Сондай-ақ, студенттерді оқыту үшін әйел мұғалімдерді жалдау керек және оларды бөлек оқыту керек немесе пердемен оқшаулау керек делінген.