Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың денесін мемлекет елге әкелетін болды

Ауғанстанда қаза тапқан Ерлан Жампейісовтің денесін мемлекет өз қаражатымен елге жеткізеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов айтты, деп хабарлайды “Қазақстан” арнасы.

Бұған дейін қанды оқиғада опат болған азаматтың туыстары көптен көмек сұраған еді. Кейін марқұмның мәйітін әкелеміз деп, алаяқтардың арбауына түскендерін жариялады.

“Біздің Кабулдағы дипломаттарымыздың жәрдемімен Ауғанстанда қайтыс болған азаматымыздың денесі жақын күндері Қазақстанға жеткізілетін болады. Барлық шығындар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен өтелетін болады. Біздің дипломаттарымыз туыстарымен күнде байланыста”, – дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Еске сала кетейік, қаңтардың 20-сы күні Кабулдегі «Интерконтиненталь» қонақ үйінде болған террористік шабуыл кезінде Қазақстан азаматы Ерлан Жампейісов қаза болды. 40 жастағы отандасымыз ауған жерінде телекоммуникация саласында еңбек еткен. Марқұмның артында жары, екі баласы қалды.

Бұған дейін, Ерлан Жанпейісовтің денесін Қазақстанға жеткізуге 20 мың доллар қаражат қажет екенін хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

Сайрамда молда мешітте өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Елімізде алты күнге созылған аяз салдарынан 350-ден аса қазақстандық үсіп қалған

Ақтауда 15 жастағы каратэші бала өзіне тап берген 4 еркекті ұрып тастады

Алматы ІІД дәріден уланып көз жұмған 12 бала туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Талқылау