Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуежайлар мен вокзалдарда намазханалар қайта ашылатын болды

Енді еліміздегі қоғамдық орындарда мұсылман қауымы тиісті құлшылығын еш кедергісіз өтей алатын болды,  деп хабарлады Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

namaz-1200x800

Фото: avdet.org

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Сарапшылық қауымдастықпен ынтымақтастық аясында мемлекеттік ұйымдардың маңында намаз оқитын орындарды ашуға салынған тыйымды алып тастау бойынша нұсқаулық енгіздік. Бұған дейін намазханалар 300 метрден алыс жерде орналасуы тиіс еді. Тиісті бұйрық жуырда шығады. Оған сәйкес мұндай шектеу тек оқу орындарына (діни оқу орындарынан басқа) қатысты болады”, — деп хабарлады бүгін министрлікте өткен отырыста Ермекбаев.

Бұдан бөлек, жаңа ереже теміржол және автовокзалдарда, әуежайлар мен порттарда намазханалар ашуға салынған тыйымның күшін жояды.

Оқи отырыңыз:

18 жасында әке атанған жігіт ерте отбасын құрудың артықшылықтары туралы айтты

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді

Жандарбек Бұлғақов: Еркектер серіктес болып босануды көтере алмайды

Талқылау