Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуе және теміржол қозғалысы қысқартылды: ШҚО-да қандай шектеу шаралары енгізілгені белгілі болды

Ералы Тоғжанов Шығыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында ведомствоаралық комиссияның төрағасына бірқатар шектеу шараларын қабылдау тапсырылды:

- ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап Өскеменге және одан келетін әуе қозғалысын азайту:

Нұр-Сұлтанға - аптасына 17-ден 7 рейске дейін;
Алматыға - аптасына 14-тен 7 рейске дейін;
Шымкентке  - аптасына 2-ден 1 рейске дейін.

- ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан-Өскемен маршруттары бойынша теміржол қатынасын аптасына 3-тен 1-ге дейін азайтылады;

- жолаушылардың Шығыс Қазақстан облысынан әуе және теміржол көлігімен кетуі үшін, ПТР тестілеуінің COVID-19 теріс нәтижесі бар сертификатының міндетті түрде болуы керек;

- санитарлық посттар құра отырып, Шығыс Қазақстан облысына кіру мен шығуды шектеуге;

- облыстың басқа қалалары/аудандары арасында халықтың қозғалысын сақтай отырып, Өскеменнің аумағына кіруге және шығуға тыйым салуға;

- демалыс және мереке күндері шектеу шараларын күшейтуге;

- тұрғындар арасындағы байланысты азайту мақсатында қоғамдық көліктердің санын көбейту;

- жұмысшылардың кем дегенде 80% қашықтықтағы жұмыс форматына ауыстыруды қамтамасыз ету;

- жиналысты жеке өткізуге тыйым салуға;

- кіреберістерде, лифтілерде, автотұрақтарда және балаларға арналған ойын алаңдарында, азық-түлік базарларында және т.б. дезинфекциялауды қамтамасыз ету.

- вахталық әдіспен жұмысшыларға толық көлемде ПТР тексеруден өтуді қамтамасыз ету;

- адамдарды қарсы алған және шығарып салған адамдар үшін әуежайларға, теміржол вокзалдарына кіруге тыйым салу (билетпен ғана қабылдау);

- адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аудара отырып, карантиндік режимді сақтау бойынша бақылау топтарының жұмысын күшейту;

- карантиндік режимді сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша шаралар қабылдау.

Талқылау